17 KiB
Жобаға алғаш рет үлес қосу
Оңай іс емес, жалпы кез-келген істе алғашқы қадам қиын келеді. Қателіктер жасау өте жағымсыз, әсіресе топтық жұмыс істесеңіз. Барлық open source проекттер ынтымақтастық пен бірегей жұмыстан тұрады. Біз бастаушы әзірлеушілер үшін үлес қосу және бірлесіп жұмыс істеудегі алғашқы қадамдарды жеңілдеткіміз келеді.
Егер сіз өзіңіздің алғашқы үлесіңізді жасау мүмкіндігін іздесеңіз, төмендегі қарапайым қадамдарды орындаңыз.

Егерде сіздің компьютеріңізде git қосылмаған болса, оны қосыңыз
Тармақты (fork) жасаңыз
Өзіңіздің тармағыңызды жасау үшін, беттің үстіңгі жағындағы fork түймесін басыңыз. Осылай сіз осы репозиторийдің өзіңіздің аккаутыңызда копиясын жасайсыз.
Репозиторийді клондаңыз
Енді бұл репозиторийді өз дербес компьютеріңізге клодаңыз. Сілтемені көшіру үшін clone батырмасын басыңыз, содан кейін copy to clipboard белгішесіне басыңыз.
Терминалды ашып, келесі git пәрмендіні іске қосыңыз:
git clone "url you just copied"
Бұл жерде "url you just copied" (тырнақшасыз) сіздің репозиторийңізге сілтеме. Бұл сілтемені алу үшін алдыңғы қадамдарды қараңыз.
Мысалы:
git clone https://github.com/this-is-you/first-contributions.git
Бұл жерде this-is-you сіздің github-тағы логин. Осылайша GitHub-тан сіздің компьютеріңізге 'first-contributions' репозиторийін көшіресіз.
Тармақ жасаңыз
Терминалда репозиторий папкасына кіріңіз (егер әлі кірмеген болсаңыз):
cd first-contributions
Енді git switch команданың көмегімен тармақты құрыңыз.
git switch -c your-new-branch-name
Мысалы:
git checkout -b add-alonzo-church
Тармақтың аты шешіп жатқан мәселе немесе енгізетін өзгерістеріңізге сәйкес болғаны дұрысырақ, бірақ міндетті емес.
Керек өзгерістерді еңгізіп, коммит жасаңыз
Енді мәтіндік редакторда Contributors.md файлын ашыңыз, атыңызды енгізіңіз және файлды сақтаңыз. Егер сіз жобалық каталогқа барып, git status орындасаңыз, өзгертулерді көресіз. Бұл өзгертулерді git add командасымен қосыңыз.
git add Contributors.md
Енді бұл өзгерістерды git commit командасымен коммиттаңыз.
git commit -m "Add <your-name> to Contributors list"
<your-name> өзіңіздің атыңызға ауыстырыңыз
Өзгерістерді Github'қа жіберіңіз
Өзгерістерді git push командасымен жіберіңіз
git push origin your-new-branch-name
your-new-branch-name дегенді алдында құрған тармақ атына өзгертіңіз.
Өзгерістерді ревью үшін растаңыз
Егер сіз GitHub-тағы репозиторийге кірсеңіз, Compare & pull request батырмасын көресіз. Оны басыңыз.
Енді пулл-реквестті растаңыз.
Көп ұзамай мен осы жобаның негізгі бөлімімен барлық өзгерістерді біріктіремін. Өзгерістер қабылданған кезде (мердж жасалғанда) электрондық хат аласыз.
Ары қарай не?
Төменде сіз жаңадан келген тапсырмаларды таба алатын бірнеше танымал репозиторийлер бар. Қосымша ақпарат алу үшін репозиторийге барыңыз.
